Жоғарғы сот судьялары үшін ұйымдастырылған көпшілік алдында сөйлеу бойынша семинарына қатысты

Жоғарғы сот судьялары үшін ұйымдастырылған көпшілік алдында сөйлеу бойынша семинарына қатысты

Астана - 2018 жылдың 25 маусымында Қазақстан Республикасы Жоғарғы сотында отыз судья үшін көпшілік алдында сөйлеу туралы семинар өткізіледі. Семинар Еуропалық Одактың “Қазақстандағы қылмыстық әділ сотты жетілдіру” (EUCJ) атты жобасының қолдауымен ұйымдастырылды.


Семинардың басты мақсаты - Жоғарғы сот судьяларының көпшілік алдында сөйлеу және қарым-қатынас дағдыларын жетілдіру. Оның барысында судьялар сөзінің ерекшелігін түсіну,  олардың артықшылықтары мен кемшіліктерін саралау, сондай-ақ сөйлеу техникасының негізгі параметрлерін құрастыруға үлкен мән беріледі. Семинар шешендік өнер аясында алдыңғы қатарлы мамандармен жүргізіледі және оған Жоғарғы соттың 30 судьясы қатысады.


Семинардың 20% -ы теорияадан құралса, қалған 80% -ы тәжірибелік жаттығулардан тұрады. Жаңа ақпаратты іс жүзінде қолдана білу үшін тренерлердің теориялық мәліметінен кейін қатысушылар шағын топтарға бөлініп жұмыс жасады.


Семинар барысында жетілдірілген дағдылар Жоғарғы соттың ішкі және сыртқы байланыс арналарын дамытуға көмектеседі. Соттардағы байланыстың басым бөлігі судьялар арқылы орын алатындықтан, көпшілік алдында сөйлеу және басқа да қарым-қатынас дағдыларын жетілдіру аса маңызды. Сонымен қатар, семинардың соттар мен қоғам арасында халықтың талап-тілегін ескеретін байланыс орнатуға қосатын үлесі зор. Жалпы алғанда, Жоғарғы соттың “Мінсіз орта” атты даму бағдарламасына сәйкес, бұл іс-шара - халықтың соттар мен сот әділдігіне деген сенімін арттыруға үлес қосады.


Еуропалық Одақпен қаржыландыратын «Қазақстандағы қылмыстық әділ сотты жетілдіру» (EUCJ) жобасы «Қазақстан Республикасында сот реформасын қолдау» бағдарламасының бөлігі болып табылады. Жобаны Солтүстік Ирландия Ынтымақтастық Ұйымы (NI-CO), Ұлыбританияның Әділет министрлігі, Нидерландының пробация қызметі және Польша Республикасының Сот және мемлекеттік прокурорлық ұлттық мектебі бірлесіп жүзеге асырады.


Қосымша ақпарат алу үшін хабарласыңыз: 

Мира Бейсеноваға, EUCJ жобасының мүдделі тараптарымен жұмыс жөніндегі ұлттық сарапшы, +7 7172 76 90 10; +7 7172 76 90 11; +7 7172 76 90 12 немесе e-mail: mbeisenova@nico.org.uk немесе Қазақстан Республикасындағы ЕО Өкілдігінің Баспасөз хатшысы Элнара Байназароваға тел: +7 7172 974567, e-mail: Elnara.BAINAZAROVA@eeas.europa.eu  

 

 


Forthcoming Events
  • There are no scheduled events
January 2019
Mon Tue Wed Thu Fri Sat Sun
31 01 02 03 04 05 06
07 08 09 10 11 12 13
14 15 16 17 18 19 20
21 22 23 24 25 26 27
28 29 30 31 01 02 03
Бенефициары