EUCJ жобасы Еуропалық Одақтың қолдауымен ҚР IIM Қылмыстық-атқару Комитеті үшін техникалық жабдықтауды қамтамасыз етті

EUCJ жобасы Еуропалық Одақтың қолдауымен ҚР IIM Қылмыстық-атқару Комитеті үшін техникалық жабдықтауды қамтамасыз етті

Астана - Қазақстан Республикасының қылмыстық-атқару жүйесін жетілдіру аясында, пробация қызметінің материалдық-техникалық базасын жетілдіру мақсатында Еуропалық Одақтың «Қазақстандағы қылмыстық әділ сотты жетілдіру жобасы» (EUCJ) 261 стационарлық компьютер мен принтер сатып алды.


Жобаның нәтижелерін қамтамасыз ету және сақтау үшін жабдықтарды сатып алу EUCJ жобасының маңызды ерекшелігі болып табылады.  Бұл ұзақ процесс ІІМ Қылмыстық атқару комитеті Қазақстан Республикасының қылмыстық-атқару жүйесін жетілдірудің ұзақ мерзімдегі мақсаттарына  толықтай жауап беретін тиісті жабдықты қажет ететіні анықталғаннан кейін басталды.

 

Жобаның бастапқы кезеңдерінде барлық стейкхолдерлер бұл талқылауға үлес қосуға шақырылды.

Консультация нәтижелері, келіссөздер мен шешімдер Үйлестіру кеңесінің отырыстары барысында баяндалды. Жабдықтарды сатып алу ЕО сатып алу ережелері мен Қазақстан Республикасының қаржылық ережелеріне сәйкес жүргізілді

 


«Туған жерім Ұлыбританияда пробация қызметі 200 жылдан астам уақыт бойы бар және қазіргі таңда ол қылмыстық әділ сот жүйесінің маңызды бөлігі болып табылады. Бұл қызмет адам қылмыстық сот ісінің айналасына кірген кезден басталып, оның қоғамда әлеуметтік оңалтуынан кейін аяқталады. Жобаның алғашқы күнінен бастап EUCJ ҚР ІІМ ҚА-дың пробация қызметін жетілдіру Комитетіне сараптау бойынша және техникалық жәрдем көрсетіп келді.  

2016 жылдың желтоқсанында «Пробация туралы» заң шықты. Жабдық тек қана материалдық-техникалық базаны жетілдіру үшін емес, сонымен бірге пробация инспекторлары жаңа жабдықтың көмегімен  бүкіл қазақстандық қоғамның игілігі үшін тиімді жұмыс жасай алуы үшін сатып алынды», - деді Билл Мейзер, жобаның стратегиялық басшысы.


Жобасының аясында EUCJ ҚР ІІМ Ш.Қабылбаев атындағы Қостанай Академиясының жанында пробация мамандарын даярлау бойынша болашақ Орталық және ҚР Бас Прокуратурасы жанындағы құқық қорғау органдары Академиясы үшін жабдықтауды қамтамасыз етті.


Еуропалық Одақ қаржыландырылатын «Қазақстандағы қылмыстық әділ сотты жетілдіру жобасы» (EUCJ) «Қазақстан Республикасында сот реформасын қолдау» бағдарламасының бөлігі болып табылады. Жобаны Солтүстік Ирландия Ынтымақтастық Ұйымы (NI-CO) Ұлыбританияның Әділет министрлігі, Нидерландының пробация қызметі және Польша Республикасының Сот және мемлекеттік прокурорлық Ұлттық мектебі бірлесіп жүзеге асырады.

 

Қосымша ақпарат алу үшін хабарласыңыз: 

Ильяс Нұрмағамбетовке ЕUCJ жобасының ұлттық сарапшысы, тел.: +7 7172 76 90 10; +7 7172 76 90 11; +7 7172 76 90 12 немесе e-mail: inurmaganbetov@nico.org.uk


Мира Бейсеноваға, EUCJ жобасының мүдделі тараптарымен жұмыс жөніндегі ұлттық сарапшы, +7 7172 76 90 10; +7 7172 76 90 11; +7 7172 76 90 12 немесе e-mail: mbeisenova@nico.org.uk немесе Қазақстан Республикасындағы ЕО Өкілдігінің Баспасөз хатшысы Элнара Байназароваға тел: +7 7172 974567, e-mail: Elnara.BAINAZAROVA@eeas.europa.eu  

Forthcoming Events
  • There are no scheduled events
March 2019
Mon Tue Wed Thu Fri Sat Sun
25 26 27 28 01 02 03
04 05 06 07 08 09 10
11 12 13 14 15 16 17
18 19 20 21 22 23 24
25 26 27 28 29 30 31
Бенефициары