Еуропалық Одақ ҚР ІІМ Қостанай Академиясын пробация қызметкерлерін оқыту орталығын құруын қолдайды

Еуропалық Одақ ҚР ІІМ Қостанай Академиясын пробация қызметкерлерін  оқыту орталығын құруын қолдайды

АСТАНА – Еуропалық Одақ ҚР ІІМ Ш.Қабылбаев атындағы Қостанай Академиясына пробация қызметкерлерін оқыту орталығын дамытуға көмек көрсетуде. Аталған оқу орталығы Қазақстандағы Орталық Азия аймағындағы пробация қызметінің одан әрі дамуына "Қазақстандағы қылмыстық әділ сотты жетілдіру" (EUCJ) жобасының шеңберінде жұмыс істейтін болады. Көмек зияткерлік және техникалық қолдауды қамтиды. EUCJ сарапшылары пробация офицерлерін оқыту бағдарламаларын әзірлеуге және Еуропадан заманауи оқыту мен қашықтықтан оқыту әдістерін қамтамасыз ету үшін жабдықтарды сатып алуға қатысады.


ЕО (??) көлемінде қаржыландыратын EUCJ жобасы 2015 жылы іске қосылған сәттен бастап үздік еуропалық білімдерге қолжетімді ету, қазақстандық шенеуніктер мен сарапшыларға еуропалық тәжірибені зерттеу үшін Ұлыбритания мен Нидерландтарға арналған оқу сапарларын ұйымдастыру арқылы Пробация қызметінің дамуына ықпал етті. Қазақстан Республикасы ІІМ ҚАЖК-мен үйлестірілетін жобаның бұл стратегиясы 2016 жылы "Пробация туралы" жаңа заңның қабылдануына алып келді.


Қазақстандағы пробация туралы заңның орындалуы тәжірибелі қызметкерлерді ең дамыған елдердің тәжірибесін игеру үшін даярлау және дайындау бойынша келісілген және мақсатты іс-шараларды талап етеді. Қостанай академиясы осы үдерісте жетекшілік етуге ұмтылады. Осы мақсатқа жету үшін EUCJ сарапшысы Бен Зенгеринк Академияға пробация қызметкерлерін оқыту орталығын дамытудағы халықаралық стандарттарға сәйкестігі туралы кеңес береді. Оның Қостанайға тұрақты сапарлары Академияның ұзақ және қысқа мерзімді стратегиялық перспективаларын талқылауға бағытталған болатын; ұйымдық құрылымды, бюджеттік қажеттіліктерді, жұмыс жоспарын, қызметкерлердің міндеттері мен жауапкершіліктерін, ішкі және сыртқы коммуникацияларды қарастыру; құрылымдық негізде ынтымақтасуға дайын жоғары оқу орындарын зерттеу; оқыту модельдер мен тәжірибе алмасу, Еуропалық пробация қызметінің Конфедерациясына мүшелікті ұйымдастыру.


«Пробация маңыздылығы қоғам мен саясатта мойындалған. Қазіргі уақытта Қостанай Академиясымен бірлесе отырып, халықаралық стандарттарға сәйкес сынақ бөлімшелері үшін оқу бағдарламаларын жүргіземіз және оларды еуропалық университеттер мен оқу институттарының оқу жоспарларымен үйлестіреміз. Бұл құрылымдық халықаралық серіктестікке қосылу және халықаралық пробация қауымдастығына енудегі алғашқы қадам. Сонымен бірге, мемлекеттік, аймақтық және халықаралық «аренада» жетекші пробация қызметкерлерін оқыту орталығын дамыта отырып, біз өзіміздің ұлттық, мәдени құндылықтарды және нормаларды сақтаймыз деп есептейміз», - деді EUCJ халықаралық сарапшысы Бен Зенгеринк.




Толық оқу жоспары пробацияның барлық төрт облыста кәсіби пробация қызметінің барлық міндеттерін көрсетеді деп күтілуде: 1. Алдын ала тергеу; 2,  Шешім шығару: 3. Пенитенциарлық; 4. Постпенинтенциарлық.  Ол сондай-ақ қажетті қызметтің толық сипаттамасын әзірлеуге мүмкіндік береді; ХХІ ғасырдың заманауи стандарттары ретінде қалыптастырылған әдістерді, құзыреттерді, білім мен дағдыларды қоса алғанда, жауапкершілікті бөлу.


Еуропалық Одақ қаржыландырылатын «Қазақстандағы қылмыстық әділ сотты жетілдіру жобасы» (EUCJ) «Қазақстан Республикасында сот реформасын қолдау» бағдарламасының бөлігі болып табылады. Жобаны Солтүстік Ирландия Ынтымақтастық Ұйымы (NI-CO) Ұлыбританияның Әділет министрлігі, Нидерландының пробация қызметі және Польша Республикасының Сот және мемлекеттік прокурорлық Ұлттық мектебі бірлесіп жүзеге асырады.


Қосымша ақпарат алу үшін хабарласыңыз: 

Мира Бейсеноваға, EUCJ жобасының мүдделі тараптарымен жұмыс жөніндегі ұлттық сарапшы, +7 7172 76 90 10; +7 7172 76 90 11; +7 7172 76 90 12 немесе e-mail:  mbeisenova@nico.org.uk  немесе Қазақстан Республикасындағы ЕО Өкілдігінің Баспасөз хатшысы Элнара Байназароваға тел: +7 7172 974567, e-mail: Elnara.BAINAZAROVA@eeas.europa.eu

Forthcoming Events
  • There are no scheduled events
December 2018
Mon Tue Wed Thu Fri Sat Sun
26 27 28 29 30 01 02
03 04 05 06 07 08 09
10 11 12 13 14 15 16
17 18 19 20 21 22 23
24 25 26 27 28 29 30
31 01 02 03 04 05 06
Бенефициары