Құқық қорғау органдарын ЕО-ның қолдауымен қызметкерлерді тиісті басқаруын жақсартуы

Құқық қорғау органдарын  ЕО-ның қолдауымен қызметкерлерді тиісті басқаруын жақсартуы

Астана - 2018 жылы 26 шілдесінде Астана қаласында құқық қорғау органдары мен соттарды жаңғырту аясында ведомствоаралық кадрлық кездесу өтті. Іс-шара «Қазақстандағы қылмыстық сот төрелігін жетілдіру» (EUCJ) ЕО жобасының қолдауымен ұйымдастырылды. Кездесу құқық қорғау органдарында қызметкерлерді басқару мәселелеріне арналған.

Мемлекеттік қызметшілердің кәсіби өсуін, сананы және корпоративтік мәдениетті жаңғыртуды қамтитын персоналды басқару құқық қорғау органдарын жаңғырту мен трансформациялаудың маңызды компоненттерінің бірі болып табылады. Кадрлар мәселесін жетілдіру жобаларды басқару стандарттарын енгізуге ықпал етіп, мемлекеттік институттарға деген қоғамдық сенімді арттырады.


Іс-шараға Әділет министрлігінің, Білім және ғылым министрлігінің, Ішкі істер министрлігінің, ІІМ Қылмыстық-атқару жүйесі комитетінің, Бас прокуратураның, Жоғарғы Соттың, Жоғарғы сот Кеңесінің, Конституциялық Кеңестің, Президент Әкімшілігінің және Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-әрекет агенттігінің кадрлық қызметтерінің басшылары қатысты.

ҚР Бас прокуратурасының үдерістерін жетілдіру тәжірибесі мен ҚР Жоғары Сот Кеңесі жайлы халықаралық бағалау туралы есептеме презентациясымен танысып, кадр қызметтерінің басшылары құқық қорғау органдарының жалпы мақсаттағы міндеттерін, атап айтқанда, құзыреттілік критерийлері, адам ресурстарын жоспарлау, қызмет нәтижелерін бағалау (аттестация) және құқық қорғау органдарының қызметкерлерін таңдау системаларын талқылады. Кездесуге қатысушылар сондай-ақ қызметкерлердің мәселелерін жетілдіру бойынша ведомствоаралық ынтымақтастықты одан әрі дамыту мүмкіндіктерін талқылады.

Еуропалық Одақпен қаржыландыратын «Қазақстандағы қылмыстық әділ сотты жетілдіру» (EUCJ) жобасы «Қазақстан Республикасында сот реформасын қолдау» бағдарламасының бөлігі болып табылады. Жобаны Солтүстік Ирландия Ынтымақтастық Ұйымы (NI-CO), Ұлыбританияның Әділет министрлігі, Нидерландының пробация қызметі және Польша Республикасының Сот және мемлекеттік прокурорлық ұлттық мектебі бірлесіп жүзеге асырады.

Қосымша ақпарат алу үшін хабарласыңыз: 

 Мира Бейсеноваға, EUCJ жобасының мүдделі тараптарымен жұмыс жөніндегі ұлттық сарапшы, +7 7172 76 90 10; +7 7172 76 90 11; +7 7172 76 90 12 немесе e-mail:  mbeisenova@nico.org.uk  немесе Қазақстан Республикасындағы ЕО Өкілдігінің Баспасөз хатшысы Элнара Байназароваға тел: +7 7172 974567, e-mail: Elnara.BAINAZAROVA@eeas.europa.eu

Forthcoming Events
  • There are no scheduled events
December 2018
Mon Tue Wed Thu Fri Sat Sun
26 27 28 29 30 01 02
03 04 05 06 07 08 09
10 11 12 13 14 15 16
17 18 19 20 21 22 23
24 25 26 27 28 29 30
31 01 02 03 04 05 06
Бенефициары