Мақсаттары мен бағыттары

ЕО жобасы: Қазақстандағы қылмыстық сот төрелігі жүйесін жетілдіру
Жобаны жүзеге асыру бойынша серіктесі:
"Солтүстік Ирландияның халықаралық ынтымақтастық" мемлекеттік ұйымы (NI-CO).
Жобаның ұзақтығы: 2015 ж. 15 қазанынан бастап 2018 ж. 14 қазанына дейін

Жалпы мақсаты - сот төрелігі жүйесін гуманизациялау саласындағы ұлттық саясатты жүзеге асыруға қолдау көрсету арқылы Қазақстандағы заңдылықты нығайту және сот жүйесін реформалау.

Нақты міндеттеріне қылмыстық сот төрелігі жүйесінің ішінара, барынша кең ауқымында тұлғаның құқығын қорғауда көмек көрсету, сонымен қатар, оны еуропалық және халықаралық деңгейде танылған стандарттарға жақындастыру және осы мақсатта қылмыстық-атқару жүйесінің реформасына және сот актілерін орындау тәртібіне қолдау көрсету жатады.

Келесі нәтижелер күтіледі:
1 – таяу арада жүргізілген реформалардың тиімділігін арттыру, сондай-ақ келешек реформаларға ықпал етуіне баға берілетін әдіс-тәсілдердің түсіндірілуі.
2 – жаңа заңдардың тиімді жүзеге асырылуына қажетті ақпарат пен міндеттемелердің алмасу тәртібін қоса алғанда, ережелер мен үкім шығару тәжірибесін жаңарту. Республикадағы қылмыстық сот шығаратын және қол жетімді үкімдердің әр түрлерінің тигізетін әсерлеріне сандық баға беру жүйесін қалыптастыру;
3 – заңгерлердің және мемлекеттік қызметтерді ұсынуға және қылмыстық сот төрелігі саласындағы мемлекеттік саясатты жүзеге асыруға жауап беретін мамандардың біліктілігін арттыру және дағдыларын қалыптастыру. Мұнда мемлекеттегі қылмыстық сот төрелігі органдары үшін маңызы зор салалаларда жұмыс жасайтын оқыту материалдары мен даярланған нұсқаушылардың болуы жатады.

1-компонент - Қылмыстық сот төрелігі саласындағы саясат және стратегия

Берілген компоненттің міндеті - таяу арада жүргізілген қылмыстық сот төрелігі саласындағы реформалардың тиімділігін арттыру, сондай-ақ келешек реформаларға ықпал етуіне баға берілетін әдіс-тәсілдерін түсіндіру. Компонент заңнама тұрғысынан зерттелініп отырған мақсат пен оның практикада нақты қолданылуы арасында сәйкессіздіктерді анықтау мақсатында сәйкес заңнамаға және стратегиялық негізге толық талдау жүргізуді талап етеді.

Жоба сот төрелігі жүйесінің алдында қойылатын жалпы мақсатқа қол жеткізуге бағытталған, қылмыстық сот төрелігі мәселелерін қарастыратын мекемелер арасындағы ынтымақтастықты нығайтатын болады. Қатысушылар барлық мүдделі тараптарда кездесетін жалпы қиындықтарды шешеді және оларды шешуге арнап жасалынған қадамдарды бірлесіп жүзеге асырады.

Осы компонент бойынша жұмыстардың басым бөлігі қоғамға барынша ауқымды ақпарат беруді және реформалар мен қол жеткізген нәтижелерді барынша нақты түсінуі және бағалауы үшін мемлекеттік органдар мен азаматтық қоғам арасындағы сұхбатты реттеуді қажет етеді.

Бұл компоненттің маңызды элементі ретінде қылмыстық сот төрелігі жүйесінің қызмет етуі жөнінде қоғамға дәйекті деректерді ұсыну және қалыптастыру мүмкіндіктері мен үрдісін жасау болып табылады. Заманауи саясатты зерттеудің әдіс-тәсілдері тұрақты дәлелді негіз болуын талап етеді. Осындай дәлелдер ұсынатын мекемелер өз билігінде өз әдістерін жетілдіруге мүмкіндік беретін құралдары, ақпараттары және білімі сондай-ақ, қылмыстық сот төрелігі жүйесінде деректерді жинау, талдау, түсіндіру және қолдану рәсімдері болуы тиіс.

2-компонент - Үкім шығару жүйелерін жетілдіру

Аталған компонент аясында жаңа заңдарды енгізу және тиімді жүзеге асыру үшін қажетті ақпараттар мен міндеттер алмасу тәртібін қоса алғанда үкім шығару ережелері мен тәжірибесін жаңғырту ісінде қолдау көрсетіледі. Жоба мамандары 1-компонентте келтірілген талдауға сүйеніп, айыпталушы және сотталушы құқық бұзушылармен жүргізілетін нақты жұмысқа нұсқауымен қылмыстық сот төрелігі үдерісіне қатысты барлық жаңадан әзірленген және әрекетке енгізілген түзетулерді қарастырады. Барлық негізгі үдерістік кезеңдерде, соның ішінде, сотқа дейінгі, үкім шығару, ұстау (және ұстап алуға балама шаралар) кезеңінде және бостандыққа шыққандарды оңалтуға және босатылғаннан кейінгі қоғамдағы қайта қалпына келуіне қолдау көрсету кезеңінде қолдау көрсетілетін болады. Аталған компоненттің барлық көлемінде негізгі басым жұмыстар бақылау тұрғысынан ғана емес, сонымен бірге, құқықбұзушыларға осы жүйе жұмыстарының түрлі кезеңдерінде көрсетілетін қолдау тұрғысынан да пробация қызметінің маңызын ары қарай зерттеуде және арттыруда көмек көрсету болып табылады. Бұл қызмет қазіргі күні ЮНИСЕФ көмегімен жүргізіліп жатқан кәмелетке толмағандарға қатысты сот төрелігі және басқа да жұмыс түрлерінің мәселелері бойынша қолдау көрсетіп жұмыстарды толықтырады.

3-компонент – Оқыту және әлеуетті арттыру

Бұл барлық жұмыстарды қамтушы компонент оқу өткізуге, әлеуетті арттыруға және қылмыстық сот төрелігі жүйесінің мекемелеріне және мамандарына қолдау көрсетуге мүмкіндік береді. Заңгерлердің және мемлекеттік қызметтерді ұсынуға және қылмыстық сот төрелігі саласындағы мемлекеттік саясатты жүзеге асыруға жауап беретін мамандардың біліктілігін арттыруға және дағдыларын қалыптастыруға септігін тигізеді. Оқытуға қажеттіліктерді толық талдағаннан кейін басты мүдделі мекемелерге арналған бейімделген оқу жоспарлары әзірленеді. Аталған жоспарлар бойынша оқытылған соң олар қылмыстық сот төрелігінің реформалары аясында өз қызметтерін орындап мақсаттарға қол жеткізе алады. Электронды оқытуды, халықаралық алмасу бағдарламалары мен желілерін қосқандағы, инновациялық оқу әдістерімен бірге сәйкес оқыту материалдары, құралдары және әдістемелері әзірленеді. Жергілікті мамандардың білімін және жұмыс жасау әдістерін тереңдетуге арналған халықаралық қорлар Қазақстаннның Халықаралық прокурорлар ассоциациясына мүшелігі аясында өткізілген жұмыстар есебінен мемлекет қол жеткізген нәтижелерге сүйеніп қолданылады.

Жұмыстардың өзге жобалармен үйлестірілуі

Жоба аясында осы бөлімде жүзеге асырылатын көптеген ұлттық және өңірлік жобалардың қызметтерін үйлестіру үшін өкіл басшылық ететін және жобаны басқаратын демеушілермен жұмыс жасау бойынша үйлестіруші тобы құрылатын болады. Топ мүшелері ЕО қаржыландыратын осы саланың ірі көлемді жұмыстарын жүзеге асыруға сенім артылатын жетекші мамандар ретінде қызмет атқарады.

Өзге жобаларға қатысатын екі немесе одан да көп қатысушылардан тұратын жобаның басқа атқарушыларына, сондай-ақ, демеушілеріне топ жиналыстарына қатысу ұсынылады. Мұндай жиындар тұрақты түрде өткізілетін болады (жылына екі рет). Бұл қызметтерді жоспарлауға, барынша тиімді қарым-қатынас жасауға және осы саладағы ортақ жұмыстарға айтарлықтай көмегін тигізеді. Сондай-ақ, қорлардың орынсыз қосарлануын және жұмсалуын болдырмауға мүмкіндік береді.

Жоба серіктестері

"Солтүстік Ирландия халықаралық ынтымақтастығы" (NI-CO) ұйымы демеушілер көмегін тиімді қолдануға және оң өзгерістерді енгізуге қабілетті, тиімді, жауапты және тұрақты мемлекеттік институттарды құруды мақсат етіп алған бейкоммерциялық мемлекеттік ұйым болып табылады.http://www.nico.org.uk/

Ұлыбритания әділет министрлігіҰлыбританияның азаматтар мен мемлекеттік ұйымдардың құқықтары мен заңды мүдделерін қорғау ісінде мемлекетке құқықтық қолдау көрсететін Ұлыбритания үкіметінің басты органы болып табылады. Министрліктің қылмыстық құқықты оқыту саласындағы халықаралық ынтымақтастық тәжірибесі бар. http://www.justice.gov.uk/

Нидерланд пробация қызметі "Reclassering Nederland" атынан бостандығынан айыру қарастырылмайтын қылмыстық жазаларды орындау барысында атқарушы және әкімшілік қызметтерді жүзеге асырады және қамауға алынғандар атынан олардың әлеуметтік-құқықтық көмек алуына көмек көрсетеді. Нидерланд пробация қызметі өзінің Нидерланд мемлекеттік ұйымдарының балама құқықтық санкциялары мен оңалту бағдарламаларын қолданатын тәжірибесімен және халықаралық серіктестер әлеуетін дамыту және нығайту тәжірибесімен бөліседі.https://www.reclassering.nl/

Сот билігі және прокуратура ұлттық мектебі Польшадағы негізгі білімге, сот органдары мен прокуратура қызметкерлерінің біліктілігін арттыруға және дипломнан кейінгі дайындығына жауап беретін польшалық орталық мекеме болып табылады. Сондай-ақ, ол осы саладағы біліктілікті арттыру бойынша халықаралық бағдарламаларға қатысады. https://www.kssip.gov.pl/