EUCJ ұжымы

Ian l
Иан Ланкшир
Жобаның директоры

Иан Ланкшир – бітістіруші төреші, өнер магистрі, іскерлік әкімшілік магистрі, Қазақстандағы қылмыстық сот төрелігін жетілдіру жөніндегі ЕО жобасының директоры (ішінара жұмыспен қамтылу). Жобалық өтінімнің техникалық аспектісін дайындап, 2015 жылы ЕО TAIEX бағдарламасының халықаралық жұмысын өткізді. Ол жуырда ғана Иорданиядағы қылмыстық сот төрелігінің реформаларын қолдау жөніндегі басшы ретінде (2012 жылдың қаңтарынан бастап 2014 жылдың қазанына дейін Еуропалық Одақ қаржыландырған) 34-айлық жобаны аяқтап бітірді. Жобаның басты серіктесі Әділет министрлігі болып табылды. Жоба Иорданияның қылмыстық сот төрелігі саласындағы үйлестірілген стратегияны жасауға, мемлекеттік айыптаушының рөлін арттыруға, жазаның балама түрлерін енгізуге, құқықтық көмекті кеңейтуге және қылмыстық сот төрелігі жүйесінің тиімділігін жоғарылатуға бағытталған. Иан бұл қызметке тағайындалғанға дейін Англияның және Уэльстің пробация қызметінде 38 жылдық мансабын аяқтады. Ол қалалық және ауылдық аудандарда, түрмелерде, соттарда және оңалту мекемелерінде жұмыс жасады. 5 жыл бойы Оңтүстік Уэльстегі пробация қызметінің басшысы болып келді. Ол қылмыстық сот төрелігі саласындағы қызметкерлер құрамын оқыту және дамыту процесіне және түрлі қылмыстық сот төрелігі органдарының стратегиялық жоспарлау ісіне бел шешіп кірісті. Сондай-ақ, өзінің туған өлкесіндегі (Оңтүстік-Шығыс Уэльс) қоғамдық ұйымдардың бірқатарын өз қамқорлығына алған. 2012 жылдың қаңтарында Иан Ұлыбританияның Әділет министрлігінің еркін магистраты (бітістіруші төреші) болып тағайындалды.

Bill
Билл Мэзер
Жобаның стратегиялық жетекшісі

«NI-CO» компаниясы Билл Мэзерді «Қазақстандағы қылмыстық әділсот жүйесін жетілдіру» жобасына осы жобаның екінші және үшінші жылы басшылық ететін Астана қаласындағы штаттық сарапшы ретінде тағайындады. Ол қылмыстық және әлеуметтік әділсот жүйелері мен қызметтеріне маманданған, қоғамдық өзгерістер саласындағы халықаралық танылған сарапшы. Сонымен қатар, ол «Navigating Leadership Guide Series» («Көшбасшылық ету жөніндегі бағдарлы басшылық») басылымдар сериясының авторы, сондай-ақ қоғамдық ұйымдарды басқару тұрғысынан 17 жылдық жұмыс өтілі бар тәжірибелі көшбасшы әрі жетекші болып табылады. Ол «NI-CO» компаниясына мемлекеттік ұйымдар мен азаматтық қоғамдарға арналған жүйелер мен процедураларды әзірлеу, енгізу және жаңарту саласындағы халықаралық кеңесші ретіндегі 20 жылдық тәжірибесімен жұмысқа орналасты. Билл министрліктер мен мемлекеттік сектордың жұмысын басқару, мемлекеттік қызметке, ведомствоаралық ынтымақтастыққа, коммерциялық емес ұйымдар мен өнімділігі жоғары іскерлік мәдениеттердің экономикалық мүмкіндіктеріне жетекшілік ету саласындағы беделді маман. Ол мемлекеттер мен азаматтық қоғам ұйымдары тарапынан жүзеге асырылатын әділсот, халықаралық даму, жұмысқа орналастыру, қоршаған орта және әлеуметтік даму саласындағы аса маңызды ірі бағдарламалар шеңберінде жоғары деңгейдегі стратегиялық міндеттемелер мен мәселелерді қарастырды. Кәсіби тұрғыдан ол менеджмент, жүйелі талдау және қаржы саласында маманданған. Жаһанданудың әлеуметтік салдары саласында Гуманитарлық ғылымдар магистрі дәрежесін иеленген.

Image001
Бен Зенгеринк
Халықаралық сарапшы

Бен Зенгеринк мемлекеттік басқару магистрі, Қазақстандағы қылмыстық сот төрелігін жетілдіру бойынша ЕО жобасы командасының орынбасары болып табылады. Бен 38 жыл ішінде Нидерланд патшалығының пробация қызметінде жұмыс жасады. Өзінің мансаптық қызметін пробация қызметінде офицер ретінде бастап, жуырда Амстредам өңірінде пробация менеджері ретінде қызметін аяқтады. Құқық бұзушыларға арналған білім беру бағдарламасының және балама санкциялар (дағдыларын дамыту тренингтері, тәрбиелік шаралар және қоғамдық жұмыстарға қатыстыру) қолданудың негізін қалаушылардың бірі болды. Сондай-ақ, ол электронды мониторинг пайдалануға бастамашылық етіп, голландиялық пробация қызметін қайта құруға (құрама және ұйымдастыру бөлігі) жауапты басқару тобының мүшесі болды. Сондай-ақ, ол шартты жаза қолдануды ұзарту жөніндегі Әділет министрлігінің кеңесшісі болды. Соңғы 15 жылда шетелде (Чехия, Румыния және Молдавия) пробация бойынша түрлі жобаларда қысқа мерзімдік сарапшы және үйлестіруші (ішінара жұмыспен қамтылу) ретінде жұмыс атқарды. Оның ұраны: «Көшіріп қоя салмау! Өзгелердің тәжірибесін қолданып қана қоймай, оны жергілікті жағдайға қарай бейімдеу». Бен әлеуметтік ғылымдарды, тарихты және мемлекеттік басқаруды оқып, "Өзгерістерді тиімді енгізу" тақырыбында диссертация жазды. Оған қоса ол білім беру, жастарға көмек көрсету және құрбандарға күтім жасау/қайта қалпына келтіру саласындағы бірнеше ұйымдардың төрағасы болып табылады/болды.

Tom p
Томас Паттерсон
Орташа мерзімді келісімшарт жөніндегі сарапшы (3 оқу компонентінің басшысы)

Полицияның бұрыңғы аға офицері (Солтүстік Ирландияда 30 жылдық жұмыс тәжірибесі бар, оқу дайындығын дайындауда, оқу бағдарламаларын әзірлеуде, оқытуда және алған білімді бағалауда, сондай-ақ "Қоғам, мәдени алуан түрлілігі және адам құқығы" бағдарламасына қатысты); 2003 жылдан бастап Шығыс Еуропа, Таяу Шығыс елдерінде, Балкан және Балтика маңы елдерінде, Түркияда және БАӘ-де оқыту жөніндегі халықаралық кеңесші, жоба жетекшісі, топ жетекшісі, сондай-ақ оқытушы ретінде қызмет атқарған.

Nazgul1
Сауле Мектепбаева ханым
Жобаның операциялық жетекшісі

Құқық қорғау саласы мен мемлекеттік қызметте 15 жыл жұмыс тәжірибесін иеленеді. Адам құқықтары бойынша уәкілеттінің аппаратында сарапшылық бөлімге жетекшілік етті. Сорос – Қазақстан Қорында, БҰҰ ДБ, Дүниежүзілік Банктегі қылмыстық әділ сот саласындағы жобаларға жетекшілік етті, алты жылдан артық «Халықаралық түрме реформасы» халықаралық ұйымының өңірлік директоры қызметін атқарды. Түрме реформасы, ювеналдық әділет, гендерлік мәселелерде маманданған. АҚШ, Еуропа, Орталық Азия, Орта Шығыс және Африка өңірлеріндегі түрмелерде мониторингтік сапарлармен болды.

Ilyas
Ілияс Нурмаганбетов мырза
Жобаның жергілікті сарапшысы

Aкадемиялық және құқық қорғау саласында 7 жылдық жұмыс тәжірибесін иеленеді. Ілияс «Адам құқықтарын ескере отырып, қылмыстық құқық жүйесін орнату арқылы Қазақстан Республикасында қылмыстық әділ сот жүйесін нығайту», «Қазақстандағы ұлттық ескерту саясаты: саясатты іс жүзінде жүзеге асыру», «Penal ReformInternational» халықаралық ұйымында «Қылмыстық сот ісін жүргізу және түрме реформасының бастамасы: жұмысқа тұрғызу және пробация жүйесі арқылы бұрынғы бас бостандығынан айырылғандардың қайта бірігуі» сынды жобаларды үйлестірді. Оның қызмет саласы пробация қызметін дамыту, пенитенциарлық реформа, ювеналды әділет, медиация және келісу мәселелерін қамтиды. Ілияс жоғарыда баяндалған мәселелер бойынша заңнаманы әзірлеуге қатысты және заң ғылымдарының магистрі дәрежесін иеленеді.